Түрмедегі Қуандық Бишімбаев жұмыспен қамтылған ба – ҚАЖК жауабы
Сурет: Telegram/Jogargy_sot
ҚР Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың түрмеде жұмысқа жегілген-жегілмегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство сотталған Қуандық Бишімбаев ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатқанын еске салды.
"Бос жұмыс орындарының болмауына байланысты ол жұмыспен қамтылмаған. Сотталған адамның күн тәртібі ҚАЖ мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінің және қолданыстағы Қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес сақталады". ҚАЖК баспасөз қызметі
Астанада 2023 жылдың соңында кісі қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованы өлімі бойынша сот процесі 2024 жылы 13 мамырда аяқталды. Сот Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевты жұбайын азаптау және өлтіру бабы бойынша кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript