Жаңалықтар тізбегі
0

Қуандық Бишімбаев қатаң режимдегі колонияға ауыстырылды

Қуандық Бишімбаев қатаң режимдегі колонияға ауыстырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2024 15:23 Сурет: Telegram/Jogargy_sot
Сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев колонияға ауыстырылды. Бұл туралы Zakon.kz 2024 жылғы 23 шілдеде Қылмыстық атқару жүйесі комитетінен (ҚАЖК) хабарлады.

Бишімбаевтың қай облысқа жіберілгені көрсетілмеген.

"Бұл сотталған сот үкімі бойынша қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылды. Сонымен бірге, Қылмыстық атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар жазасын өтеу орындарына сәйкес жіберілетінін хабарлаймыз". Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, кодекстің бабына сәйкес, өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтыны атап өтілген.

2024 жылы 13 мамырда Қуандық Бишімбаев 24 жылға, Бақытжан Байжанов төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

27 мамырда елордалық сотқа Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты бірінші инстанция сотының үкіміне апелляциялық шағым түскені белгілі болды. Кейін Бишімбаевтың адвокаты өтініштің мәнін айтты.

26 маусымда апелляциялық сот Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: