Қуандық Бишімбаев сотта өз ұстанымын білдірді
Сотталушы Қуандық Бишімбаев өз кінәсін мойындамайтынын айтты.
"Мен тағылған айыптың мәнін түсінемін, бірақ өз кінәмді мойындамаймын", - деді ол.
Экс-министр сотты алқабилердің қатысуымен өткізуді де сұрады.
2023 жылдың 9 қарашасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталғаны хабарланған болатын. Қайғылы оқиға елордадағы "Бау" мейрамханасында болды.
8 қаңтарда Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеу аяқталғаны белгілі болды. 11 қаңтарда астаналық сот оның қамауға алу мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылғанын хабарлады.
26 ақпанда елордалық соттың баспасөз қызметі күдікті Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілгенін түсіндірді.
Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың аса қатыгездікпен кісі өлтірудегі кінәсі тергеуде дәлелденсе, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.