Жаңалықтар тізбегі
0

Қуандық Бишімбаевтың ісі: Астанада алдын ала тыңдаулар басталды

Қуандық Бишімбаевтың ісі: Астанада алдын ала тыңдаулар басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2024 15:41 Сурет: primeminister.kz
Астанада 2024 жылдың 11 наурызында Ұлттық экономиканың бұрынғы министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты соттың алдын ала тыңдаулары басталды. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы ерекше қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сот отырысы елорданың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында өтіп жатыр. Айыптау үкiмiнде Қуандық Бишiмбаев пен оның жеңгесi Бақытжан Байжанов отыр.

Қуандық Бишімбаевқа мына баптар бойынша айып тағылды:

  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 5-тармақ 2-бөлімі "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру, заңсыз қасақана бөтен адамның өліміне әкеп соғу".
  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабы 1-тармақ 2-бабы "Кінәліге материалдық жағынан тәуелді адамға жасалған жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы дене және психикалық зардап келтіру".

Бақытжан Байжановқа мына баптар бойынша айып тағылды:

  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432-бабы "Аса ауыр қылмысты жасыру"
  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабы "Жасалған аса ауыр қылмыс туралы сенімді түрде хабарламау".

2023 жылдың 9 қарашасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталғаны хабарланған болатын. Қайғылы оқиға елордадағы "Бау" мейрамханасында болды.

8 қаңтарда Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеу аяқталғаны белгілі болды. 11 қаңтарда астаналық сот оның қамауға алу мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылғанын хабарлады.

26 ақпанда елордалық соттың баспасөз қызметі күдікті Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілгенін түсіндірді.

Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың аса қатыгездікпен кісі өлтірудегі кінәсі тергеуде дәлелденсе, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: