Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы басталды - трансляция
Айта кетейік, Бишімбаевқа қатысты сот отырысы алқабилердің қатысуымен өтіп жатыр. Барлығы 12 алқаби бар.
Бүгін мәжіліс сағат 10:00 және 14:30-да екіге бөлініп отыр.
2024 жылдың 11 наурызында бірінші сот отырысы өтіп, онда мемлекеттік айыптаушы Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеудің нұсқасын жариялады. Айыптау қорытындысына сәйкес, кісі өлтіру болған күні (2023 жылдың 8 қарашасы) Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова елордадағы концерттердің бірінде болған. Олардың арасында жанжал туындады. Осыған қарамастан олар бірге мейрамханаға барған, ол жерде жанжал жалғасқан. Соңында бәрі Салтанат Нүкенованы ұрып-соғып өлтіруімен аяқталды.
27 наурызда Қуандық Бишімбаев өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол "өз оқиғасын айтуға мүмкіндік болмады" деді.
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны 2023 жылдың 9 қарашасында белгілі болды.