Бақытжан Байжановтың бостандыққа шығуына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

Бақытжан Байжановтың бостандыққа шығуына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2026 16:30 Сурет: ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі Бақытжан Байжановтың мерзімінен бұрын босатылуына қатысты кейбір мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 22 шілдеде адвокат Ғазиз Ынтықбаев Салтанат Нүкенованың өлімін жасыру фактісі бойынша 4 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың немере ағасы Бақытжан Байжановтың бостандыққа шығатынын мәлімдеген болатын.

Адвокаттың айтуынша, Байжанов сот залынан босатылып, бүгін отбасына оралады.

Бұл ақпаратты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті де растады.

"Әлеуметтік желілерде таралған ақпаратқа байланысты сотталған Байжановтың Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты жарияланған рақымшылық туралы заңды қолдану жөніндегі сот қаулысының негізінде босатылғанын хабарлаймыз", – деп мәлімдеді ҚАЖК.

Сондай-ақ комитеттің мәліметінше, сот бұл мәселені қараған кезде Байжановтың өтелмеген жаза мерзімі 3 ай 18 күнді құраған.

"Бұған қоса, соттың қаулысымен Бақытжан Байжановқа қатысты пробациялық бақылау және 6 жыл мерзімге әкімшілік қадағалау белгіленген". Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі

Белгілі болғандай, Байжанов жазасын Ақмола облысы Степногорск қаласындағы орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеген.

Еске салайық, Бақытжан Байжанов бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша Салтанат Нүкенованың өлімін жасыру айыбымен сотталған болатын. 2024 жылғы мамырда сот оны кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырған еді.

Ал 2025 жылғы тамызда Конституцияның 30 жылдығына орай қабылданған рақымшылық туралы заң негізінде оның жазасының өтелмеген бөлігі үштен біріне қысқартылды. Соның нәтижесінде түпкілікті жаза мерзімі 1 жыл 4 ай 17 күн болып белгіленген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: