Жоғарғы сот Бақытжан Байжановтың кассациялық шағымын қарайтын болды
Сурет: Telegram/Jogargy_sot
ҚР Жоғарғы соты Бақытжан Байжановтың кассациялық шағымын қашан қарайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот талқысы туралы ақпарат Сот кабинетінің сайтында жарияланды. Шағым 2024 жылдың 4 қыркүйегінде қаралады.
Айта кетсек, 2024 жылы 13 мамырда Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап, аяусыз өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның ағасы Бақытжан Байжановқа қылмысты жасырғаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.
2024 жылы 26 маусымда Астанадағы апелляциялық сот сатысы Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript