Қаржы министрлігі дәріхана чектерінде ЖСН көрсету бастамасын түсіндірді
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Мәжіліс кулуарында дәрі-дәрмек сатып алу кезінде чектерде ЖСН көрсету ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, бұл бастама мақсатты қаражаттың дұрыс жұмсалуын бақылау үшін қарастырылып отыр.
"Белгілі бір санаттағы азаматтарға дәрі-дәрмек сатып алуға қаражат бөлінген жағдайда, сол қаражаттың нақты мақсатқа жұмсалғанын растау үшін осы тетік қарастырылып отыр. Басқа бақылау механизмдерін қолдану қиынырақ болуы мүмкін", – деді Ержан Біржанов.
Вице-министрдің айтуынша, бұл талап барлық азаматтарға қатысты емес, тек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ГОБМП) аясында дәрі алатындарға қатысты болуы мүмкін.
Қаржы министрлігінде бұл бастама Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуын бақылауға, есеп айырысудың ашықтығын арттыруға және көлеңкелі экономиканы азайтуға мүмкіндік береді деп санайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript