Жәрдемақылардың инфляцияға сай келмеуін Қаржы министрлігі түсіндірді

Пенсия, пенсионеры, пенсионер, пенсионный возраст, пенсионные накопления, пенсионные отчисления, пенсионный фонд, ЕНПФ, пенсионная система, накопительная пенсионная система, накопления, пенсионные выплаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2025 16:34 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2025 жылғы 29 желтоқсанда Мәжіліс кулуарында зейнетақы мен жәрдемақылардың аз мөлшерде өсуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер вице-министрге ең төменгі жәрдемақы мен базалық зейнетақының бар болғаны 10%-ға ғана артқанын, соның салдарынан зейнеткерлер мен әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың нақты табысы төмендеп жатқанын еске салды.

"2026 жылы әлеуметтік салаға 10,5 трлн теңге қарастырылғанын білесіздер. Қосымша әлеуметтік көмек көрсетіледі, алайда ол тексеруден өтеді. Әлеуметтік көмек атаулы болуы тиіс. Кейбір азаматтардың көмекті теріс пайдалану жағдайлары болуы мүмкін. Жалған мәмілелер немесе жалған ажырасулар да кездеседі, мұндай деректер өте көп", – деді Ержан Біржанов.

Оның айтуынша, көмек шынымен мұқтаж адамдарға ғана көрсетіледі.

"Сондықтан қазір осындай фактілер анықталып жатыр, ал кейбір адамдар бойынша төлемдер көлемі қысқарады. Бұл шын мәнінде көмекке зәру азаматтарға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді", – деп қосты ол.

Ал зейнетақы мөлшеріне қатысты сұраққа вице-министр пікір білдіруден бас тартты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: