ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол сапарын Мажарстаннан бастап, Қырғыз елі арқылы Қазақстанға келіп, әрі қарай Қытайға бет алмақ болған.
"Ақтау қаласынан шыққаннан кейін велосаяхатшы жолда қиын жағдайға тап болып, өз бетінше қозғалысын жалғастыра алмай қалған.Патрульдік полиция қызметкерлері шетелдік азаматтың қасына тоқтап, жағдайын сұрастырған. Оның көмекке мұқтаж екенін анықтаған соң, жолдан өтіп бара жатқан ГАЗель автокөлігін тоқтатып, велосаяхатшыны велосипедімен бірге көлікке отырғызып жіберді. Нәтижесінде азамат Ақтау қаласына қауіпсіз жетті". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Көрсетілген қамқорлық пен жедел әрекет үшін шетелдік турист патрульдік полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.
Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тәулік бойы жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қиын жағдайға тап болған азаматтарға қажетті көмек көрсету жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді.