Маңғыстау облысында ақшаға зәру ер адам аса ауыр қылмысқа барды

Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысында синтетикалық есірткі партиясын тасымалдау кезінде ұсталған жергілікті тұрғын 7,6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ер адам қылмысқа Telegram-да оңай ақша табу үшін барды, деп хабарлайды Zakon.kz.a

Маңғыстау аудандық сотында ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 1, 3-тармақтарымен, яғни "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау" бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы А. 2026 жылғы 10 қаңтарда Ақтау қаласында "Telegram" әлеуметтік желісі арқылы алған нұсқаулық бойынша Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы аумағынан есірткі заттарын алып, оларды басқа жерге жасыру мақсатында алып жүрген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні тоқтатып, оған жеке тінту жүргізген. Нәтижесінде оның күртесінің қалтасынан ұнтақ тәрізді есірткі заты салынған 18 орама табылып, тәркіленген.

Сотталушының кінәсі сараптама қорытындысымен, куәлардың айғақтарымен, бейнежазбамен және іс материалдарымен толық дәлелденді. Прокурор сотталушыға 8 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

"Сотталушы кінәні толық мойындап, іс әрекетіне шын өкінетінін, қатты қаражат керек болғасын осы іс әрекетке амалсыз барғанын айтып, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады", делінген сот хабарламасында.
"Сот үкімімен А. ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 1,3-тармақтарымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді".Маңғыстау аудандық сотының баспасөз қызметі

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бұған дейін Алматы облысында жасырын есірткі зертханасы жойылғаны хабарланған.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі