Жас қыздың Қайрат Нұртастың үстінен арызданғаны рас па - полиция түсініктемесі

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Бұған дейін әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың қыз зорлығына қатысты аты аталатын ақпарат тараған болатын. Астана қалалық полициясы аталған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желідегі ақпаратта Қайрат Айдарбековты (Нұртас) елордалық Ritz-Carlton қонақ үйінде өзін зорлады деп айыптаған 2006 жылғы қыздан арыз келіп түскені айтылады. Ал тағы бір ақпарат бойынша, қыз бен әнші арасында "жанжал болып", содан кейін оқиға орнына полиция шақырылған көрінеді.

Полиция Zakon.kz редакциясына қыз зорлау фактісін растамады.

"Зорлау фактісі туралы ақпарат расталмады. Жарияланған ақпаратта келтірілген дәйектерге қатысты айта кетсек, 10 шілдеде "102" арнасына 2006 жылғы қыздан қаладағы қонақ үйлердің бірінде ер адам тарапынан өзіне қатысты құқыққа қайшы әрекеттер орын алғаны туралы хабарлама келіп түскенін нақтылаймыз. Осы хабарлама бойынша заңнамада белгіленген рәсімдер шеңберінде тексеру жүргізілді. Қонақ үйге келген екі адам арасында жекелей сипаттағы жанжал туындағаны алдын-ала анықталды, қазіргі уақытта оның өзектілігі жойылған". Астана қалалық полиция департаменті

Полиция қыздың арызды кері қайтарып алғанын, өз талаптарынан бас тартқанын нақтылады.

Бұған дейін Ақсуда мас күйде жол апатына түскен әйел жазадан құтылып кете жаздағанын жазғанбыз. Ол полицияға жалған анықтама ұсынған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін