Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ҰҚК мемлекеттік қызметтері жаңартылды

Фото: freepik
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы 2026 жылғы 26 маусымдағы бұйрықпен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларында ҰҚК көрсететін мемлекеттік қызметтер қағидаларына өзгерістер енгізді.

Атап айтқанда, "Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу қызметін жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары жаңа редакцияда бекітілді.

Қағидалар қызметтің мынадай кіші түрлері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай тәртібін айқындайды:

Мемлекеттік қызметті лицензия алу үшін өтініш берген жеке немесе заңды тұлғаларға (заңды тұлғаның филиалдарына немесе өкілдіктеріне, лицензиаттарға) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы egov.kz және elicense.kz электрондық үкіметтің веб-порталдары арқылы қызмет көрсетушіге құжаттардың электрондық көшірмелерін жолдайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу қызметіне лицензия беру туралы өтініш тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады.

Қызмет көрсетуші лицензия беру үшін қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Сонымен қатар қызмет көрсетуші қызмет алушыға барып профилактикалық бақылау жүргізеді. Оның барысында:

Қызмет алушыға барып профилактикалық бақылау жүргізілгеннен кейін қызмет көрсетуші мәлімделген мамандардың білім деңгейін біліктілік сынағының нәтижелері негізінде бағалайды.

Қызмет алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру қорытындысы бойынша қызмет көрсетуші үш жұмыс күні ішінде уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат түрінде қызметтің кіші түрі немесе кіші түрлері көрсетілген лицензияны дайындайды немесе лицензия беруден алдын ала бас тарту туралы шешім қабылданғаны жөнінде, сондай-ақ қызмет алушының алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруіне мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын (тәсіл) туралы хабарлама жібереді.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша қызмет көрсетуші қызметтің кіші түрі немесе кіші түрлері көрсетілген лицензия береді немесе мемлекеттік қызмет көрсету талаптарының 11-тармағында көзделген негіздер бойынша лицензия беруден дәлелді түрде бас тартып, шешімді порталдағы қызмет алушының "Жеке кабинетіне" жолдайды.

Лицензия мынадай жағдайларда қайта ресімделуге тиіс:

жеке тұлға-лицензиаттың тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгеруі;

Лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде берілуі тиіс.

Лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаралады.

Қызмет көрсетуші өтініш берушінің құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістерді тексереді.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет мемлекеттік рұқсаттар мен хабарламалардың цифрлық жүйесі арқылы көрсетілген кезде, қызмет көрсету кезеңдері туралы мәліметтер мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеу цифрлық жүйесіне автоматты түрде түсетіні көрсетілген.

Бұдан бөлек, мына мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары да жаңа редакцияда бекітілді:

Бұйрық 2026 жылғы 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бірыңғай QR-код арқылы төлем жасағанда комиссияны кім төлейді – банк пе, сатушы ма, әлде сатып алушы ма

Қазақстанда әскери есепке алу ережелері өзгерді

ҰТО "грантқа түсіреміз" деген хабарламаларға қатысты ескерту жасады

Қазақстанда қайтадан +42°С ыстық болады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді