Полиция қызметкерлерінің жеке істеріне енгізілетін мәліметтер жаңартылды

Фото: polisia.kz
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2026 жылғы 20 шілдедегі бұйрығымен ішкі істер органдары қызметкерлерінің дербес деректерін қамтитын жеке істерді жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, ішкі істер органдарына қызметке қабылданатын кандидат немесе ведомстволық білім беру ұйымына күндізгі оқу нысаны бойынша курсант ретінде қабылданған кезде кадр қызметі оның жеке ісін қалыптастырады.

Жеке іске кандидатқа қатысты жүргізілген зерделеу материалдарының барлығы енгізіледі. Кейін оған қызметкердің еңбек қызметі, құқық қорғау қызметіндегі еңбек өтілі туралы мәліметтер, сондай-ақ құқық қорғау қызметіне қабылдануына, қызмет өткеруіне және қызметтен босатылуына байланысты өзге де ақпараттар тіркеледі. Бұл мәліметтер құқық қорғау органының қызметін қамтамасыз ету үшін қажет болады.

Сонымен қатар құжатта қызметкердің дербес деректерін заңсыз пайдаланудан немесе жоғалтып алудан қорғау құқық қорғау органының қаражаты есебінен қамтамасыз етілетіні нақтыланған. Дербес деректерді қорғау тәртібі "Құқық қорғау қызметі туралы" заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Бұйрық 2026 жылғы 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды