Қарыздары үшін жүргізуші куәлігін тартып алуға бола ма? Кассациялық сот шешім шығарды

Фото: Zakon.kz
Кассациялық сот борышкердің сот шешімін ұзақ уақыт орындамауына байланысты жүргізуші куәлігінің қолданылуын уақытша тоқтатуды заңды деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат 2026 жылы 29 шілдеде соттың Telegram арнасында жарияланды:

"Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот борышкердің жеке сот орындаушысының жүргізуші куәлігінің қолданылуын уақытша тоқтату және жүргізуші куәлігінің өзге санаттарын алуына тыйым салу туралы ұсынысын қанағаттандырған сот актілеріне берген шағымы бойынша азаматтық істі қарады. Атқарушылық іс жүргізу аясында борышкердің өтелмеген берешегі 62 млн теңгеден асты. Сот орындаушысы мүлікке тыйым салу, инкассалық өкімдер шығару, Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу және мүлкін іздестіруді қоса алғанда, заңда көзделген шараларды қабылдағанымен, сот шешімі ұзақ уақыт бойы орындалмаған".

Борышкер жүргізуші куәлігі өзінің табыс көзі екенін алға тартқанымен, бұл уәждерін құжаттармен растай алмаған. Сондай-ақ сот сот шешімін орындамауға кедергі келтіретін дәлелді себептердің жоқ екенін анықтады.

"Кассациялық сот "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңға сәйкес, егер борышкер елеулі соманы өндіріп алу туралы сот актісін дәлелді себептерсіз орындамаса және сонымен қатар өзіне берілген арнайы құқықтарды пайдалануды жалғастырса, оған осындай шара қолданылуы мүмкін екенін атап өтті. Бұған дейін қабылданған шаралар сот шешімінің орындалуын қамтамасыз етпегендіктен, арнайы құқықтың қолданылуын уақытша тоқтату заңды әрі атқарушылық іс жүргізудің мақсаттарына сәйкес деп танылды", делінген сот хабарламасында.

Нәтижесінде кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылып, бірінші және апелляциялық сатыдағы сот актілері өзгеріссіз қалдырылды.

Бұған дейін 25 шілдеден бастап Қазақстан мен БАӘ арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісім күшіне енгені хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

2025-2026 оқу жылы: Оқушылардың білім алу уақыты мен демалыс кезеңі белгілі болды