Абай облысында полиция сегіз рет ереже бұзған кортеж жүргізушілерінің жолын кесті

Сурет: Zakon.kz
Абай облысында полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Ақсуат ауданындағы той кортежіне қатысқан көліктердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақсуат ауданының Қабанбай көшесінде Toyota және Hyundai Tucson екі автокөліктің жүргізушілері қос тұтас жолақ сызығын кесіп өтіп, қарсы бағытқа шыққан. Сонымен қатар бейнежазбада қозғалыстағы көліктің есігіне жолаушының отырып алғаны анық көрінеді.

"Мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Полицейлер құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық тұлғаны анықтап, заңнамаға сәйкес шара қабылдады. Нәтижесінде екі жүргізушіге қатысты маневр жасау қағидаларын бұзу, қауіпсіздік белдігін тақпау, авариялық жағдай туғызу және көлік құралдарын пайдалану талаптарын сақтамау бойынша барлығы 8 әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды". Абай облыстық ПД баспасөз қызметі

Сонымен қатар жолаушыларды тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану талаптарын сақтамаған жолаушы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Балаларды мектепке дайындауға 23 млрд теңге бөлінеді

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады