Алматы полициясы қайырымдылықты пайдаланушы алаяқтар барын да ескертеді

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының полициясы тұрғындар мен қала қонақтарын қайырымдылыққа қаражат аудару кезінде жауапкершілік танытып, ақша жинаумен айналысатын ұйымдар туралы ақпаратты мұқият тексеруге шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тек соңғы бір аптаның ішінде Алматы қаласының полиция қызметкерлері заңсыз ақша жинаудың екі дерегін анықтады. Аталған фактілер бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдануда.

Полиция қайырымдылық жасамас бұрын ұйымның ресми тіркелгеніне көз жеткізіп, оның қызметімен, қаржылық есептілігімен, ресми интернет-ресурстарымен және банктік деректемелерімен танысуға кеңес береді. Адал қайырымдылық қорлары өз қызметін ашық жүргізіп, жиналған қаражаттың қалай жұмсалатыны туралы ашық ақпарат ұсынады.

"Біз азаматтарды қайырымдылық жасаудан бас тартуға шақырмаймыз. Керісінше, шынымен көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді, бірақ оны саналы түрде жасауды сұраймыз. Ұйым туралы ақпаратты тексеруге жұмсалған бірнеше минут қаражатыңыздың нақты мұқтаж адамға жететініне, алаяқтардың қолына түспейтініне сенімді болуға мүмкіндік береді. Егер ақша жинаудың заңдылығына күмәніңіз болса, бұл туралы полицияға хабарлаңыз", - дейді Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Бұған дейін құқықтық орган алаяқтар ел азаматтарына қоңырау шалу үшін тағы бір себеп ойлап тапқанын ескерткен.

Алматы
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады