Шетелдіктер үшін сұранысқа ие кәсіптер тізбесін кеңейту жоспарлануда

Фото: freepik
Еңбек министрлігі ҚР-да еңбек қызметін жүзеге асыруға жоғары білікті мамандарды тарту үшін экономиканың сұранысқа ие басым салаларындағы кәсіптер тізбесін бекіту туралы Үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобада Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жоғары білікті мамандарды тартуға арналған экономиканың сұранысқа ие басым салаларындағы кәсіптердің тізбесін бекіту көзделеді.

Жобаны қабылдау көші-қон саясатын жетілдіру жөніндегі шараларды іске асыруға, жоғары білікті мамандарды тарту үшін жағдай жасауға және экономиканың басым салаларын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жобаның мақсаты – көші-қон саясатын жетілдіруге және жоғары білікті мамандарды, шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлерді тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 25 сәуірдегі № 1242 Жарлығын іске асыру.

Құжат 17 тамызға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Айта кетейік, қолданыстағы тізбе Еңбек министрінің бұйрығымен бекітілген және денсаулық сақтау, жаратылыстану ғылымдары және математика салалары, сондай-ақ инженерлік, құрылыс салалары, цифрлық даму салалары, педагогикалық ғылымдар және креативті индустриялар бойынша 51 мамандықты қамтиды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі