Бұл ақпарат алдымен әлеуметтік желіде жарияланды:
"2006 жылғы мерзімді қызметтегі әскери қызметші әскери бөлім ғимаратының төртінші қабатынан құлап, ауыр жарақат алды. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр... Жақындары оның "терезеден өзі секірді" деген нұсқаға сенбейді. Олар бейнебақылау камераларының жазбаларын жариялауды және болған оқиғаның мән-жайына қатысты объективті тергеу жүргізуді талап етуде", делінген Telegram-арналардың бірінде жарияланған ақпаратта.
Аталған оқиғаның себебі мен егжей-тегжейін ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері айтып берді:
"2026 жылғы 3 тамызда Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші 4-қабаттың терезесінен құлап, жарақат алды. Әскери қызметші дереу медициналық мекемеге жеткізілді, оған барлық қажетті мамандандырылған медициналық көмек көрсетілуде. Оның жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, бұған дейін әскери қызметші әскери қызмет өткеру жағдайларына қатысты шағымданбаған. Оның алдында ол әскери бөлімге келген ата-анасымен кездескен, бұл ретте олардың тарапынан да қандай да бір өтініштер мен арыздар түскен жоқ. Аталған факт бойынша ҚР ІІМ Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Қорғаныс министрлігі қызметтік тексеру тағайындап, арнайы комиссия құрды. Жағдай ерекше бақылауда".
Бұған дейін Өскеменде кезекшілік кезінде жоғалып кеткен сарбаз аман-есен табылғаны хабарланған.