Мемлекеттік қызметтер үшін ұялы телефонды цифрлық Үкіметке қосу ережесі жаңартылды

Фото: pexels
Премьер-Министр орынбасарының – ЖИ және цифрлық даму министрінің бұйрығымен ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірді электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді алу үшін цифрлық үкімет веб-порталының есептік жазбасына тіркеу және қосу қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген абоненттік нөмірді "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы есептік жазбаға тіркеу және қосу үшін көрсетілетін қызметті алушы "цифрлық үкіметтің" веб-порталында мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:

Көрсетілетін қызметті беруші сұрау салуды автоматты түрде өңдеуді жүзеге асырады, одан кейін абоненттік нөмірді "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы есептік жазбаға тіркейді және қосады. Нәтижесінде тіркелген абоненттік нөмір туралы мәліметтер "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы жеке кабинетте көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 10 минут.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген абоненттік нөмірді "цифрлық үкіметтің" мобильді қосымшасындағы есептік жазбаға тіркеу және қосу үшін көрсетілетін қызметті алушы "цифрлық үкіметтің" мобильді қосымшасында мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:

Көрсетілетін қызметті беруші сұрау салуды автоматты түрде өңдеуді жүзеге асырады одан кейін абоненттік нөмірді "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы есептік жазбаға тіркеуді және қосуды жүзеге асырады. Нәтижесінде тіркелген абоненттік нөмір туралы мәліметтер "цифрлық үкіметтің" веб-порталының жеке кабинетінде көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы "цифрлық үкіметтің" веб-порталы қалыптастырып, абоненттік нөмірге жіберген бір реттік парольді қате енгізген және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы биометриялық аутентификациядан өтпеген кезде, көрсетілетін қызметті алушы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де қызметтерді алу үшін ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірді "цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы есептік жазбаға тіркеуді және қосуды жүзеге асыра алмайды.

"Цифрлық үкіметтің" веб-порталындағы жеке кабинеттегі пайдаланушының есептік жазбасына тіркелген және қосылған абоненттік нөмірді өзгерту, жаңа абоненттік нөмірді және "цифрлық үкіметтің" веб-порталы қалыптастырып, көрсетілген абоненттік нөмірге жіберген бір реттік парольді енгізу, сондай-ақ оны кейіннен ЭЦҚ-мен растау жолымен жүзеге асырылады.

Бұйрық 2026 жылғы 15 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

Қазақстанда интерн-дәрігерлерді даярлау жүйесі жетілдіріледі

Грант конкурсының қорытындысын қайдан білуге болады

Шекарадан дизель отынын алып өтпек болған шетелдік қитұрқы әрекетке барған - кедендіктер оны бірден байқады

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы