Байланыс операторлары үшін алаяқтармен күресуге арналған ішкі бақылау жүйесі енгізілуде

Фото: pexels
Премьер-министрдің орынбасары-ЖИ және цифрлық даму министрі 2026 жылғы 31 шілдедегі бұйрықпен тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру және бекіту, сондай-ақ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі туралы ақпарат беру қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүйе байланыс қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге және байланыс желілеріндегі алаяқтықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды қамтиды.

ТБжІБЖ-ны қалыптастыру кезінде байланыс операторы мыналарды:

Тәуекелдерді басқаруға және ішкі бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелер мен (немесе) лауазымды тұлғалар байланыс операторының басшысына не байланыс операторының ішкі құжатымен айқындалатын лауазымды тұлғаға есеп береді.

ТБжІБЖ-ны тиімді және сапалы қалыптастыру мен басқару мақсатында байланыс операторы "үш қорғаныс шебін" құрады:

Қағидалар шеңберіндегі тәуекелдердің негізгі санаттарына мыналар жатады:

Байланыс операторлары жүзеге асырылатын қызметтің сипатын, ауқымын және күрделілігін ескере отырып, тәуекелдердің өзге де санаттарын айқындайды.

Сондай-ақ, байланыс операторы тәуекелдерді сәйкестендіруді, бағалауды және оларға мониторинг жүргізуді, сондай-ақ тәуекелдер тізілімін жүргізуді қамтамасыз етеді.

Әрбір тәуекел үшін оның мониторингіне және тәуекелді азайту бойынша іс-шаралардың іске асырылуына жауап беретін құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері (тәуекел иесі) айқындалады.

Тәуекелдер тізілімі тәуекелдің сипаттамасын, тәуекел факторларын, ықтимал салдарын, тәуекел иесін, тәуекелді бағалауды және оны азайту жөніндегі іс-шараларды қамтиды және жылына бір рет қайта қаралады.

Бұйрық 2026 жылғы 17 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі