Астанада түнде отшашу атқан екі ер адам бес тәулікке қамалды

Сурет: Zakon.kz
Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері елордадағы қонақүйлердің бірінің маңында түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды қолдану фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 50 жастағы ер адам болашақ келінінің туған күніне орай мерекелік салют ұйымдастырған. Алайда мерекенің жарқын финалы жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінде тұратын азаматтардың тыныштығын бұзған.

"Құқық бұзушы сот шешімімен бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Осыған ұқсас тағы бір жағдай елорданың тұрғын аудандарының бірінде тіркелді. Анықталғандай, 26 жастағы ер адам қыз ұзату рәсімінен кейін жас отбасын көпқабатты тұрғын үйдің маңында салют атып құттықтауды ұйғарған. Алайда мерекелік мақсатқа қарамастан, оның әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзып, тұрғындарға қолайсыздық келтірген. Сот шешімімен құқық бұзушыға бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды", делінген полиция хабарламасында.

Полиция қызметкерлері елорда тұрғындары мен қонақтарын заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Бұған дейін Оралда суға батып кете жаздаған ер адам айыппұл арқалағанын жазғанбыз.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды