Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

Фото: freepik
Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 3 тамыздағы бұйрықпен биологиялық қоспаларды таңбалау және бақылау ережелерін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағидалар тағамға биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау және оларды Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі қадағалау тәртібін айқындайды.

Өндіруші тауарды жаңа меншік иесіне не өзге тұлғаға иеліктен шығару мақсатында немесе кейіннен өткізу үшін бастапқы өтеулі немесе өтеусіз бергенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген ББҚ-ны сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды жүзеге асырады.

Импорттаушы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген ББҚ-ны Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін немесе оларды ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырғанға дейін сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды қамтамасыз етеді.

Тізбеге сәйкес ББҚ-ны міндетті таңбалау енгізілген күнге дейін өндірілген, таңбаланбаған ББҚ-ны жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін ТАҚ өткізеді.

ББҚ-ны сәйкестендіру құралдарымен таңбалау мақсатында ТАҚ-та байланыс арналары арқылы ТТҚ ЦЖ -ға қосылған болуы қажет.

ТТҚ ЦЖ-ға қосылған АБК-ы кейіннен ТТҚ ЦЖ-ға сәйкестендіру құралдарын жазу, бракқа шығару (бар болса), агрегациялау (агрегациялау қолданылған жағдайда) туралы ақпаратты, сондай-ақ ТТҚ ЦЖ -ға таңбаланған ББҚ-ны айналымға енгізу, олардың айналымы және (немесе) айналымнан шығару туралы мәліметтерді жібере отырып, Оператордың интернет-ресурсында жарияланған электрондық өзара іс-қимыл интерфейсінің шарттарына сәйкес Операторға таңбалау кодтарын алу, таңбалау кодтарын пайдалану туралы мәліметтерді жіберу бөлігінде деректерді автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз етеді.

Өндірушілер мен импорттаушылар:

ББҚ-ы тіркеу үшін ТАҚ-ы мынадай мәліметтерді ТТҚ ЦЖ-да көрсетеді:

ББҚ туралы мәліметтер тіркелгеннен кейін Оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған мәліметтерді ТТҚ ЦЖ тауарлар тізіліміне енгізеді.

ББҚ-ны сәйкестендіру құралдары машинамен оқуға жарамды GS1 DataMatrix екі өлшемді штрих-коды түрінде тұтынушылық қаптамаға сәйкестендіру құралын бүлдірмей ажыратуға жол бермейтін тәсілмен жазылады.

Сәйкестендіру құралдары тұтынушылық қаптамаға мынадай техникалық шарттарды сақтай отырып жазылады:

Сонымен қатар, міндетті таңбалауды енгізу арқылы әрбір сатып алушы қосымша арқылы диеталық қоспалардың заңдылығын тексере алады.

Бұйрық 2027 жылдың 1 наурызынан бастап енгізілетін кейбір нормаларды қоспағанда, 2026 жылдың 10 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова мерейтойын атап өтті: әншіге желіде күтпеген сұрақ қойылды

Отандық өндірісті қолдау: Президент тапсырмаларының орындалу барысы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Мөлдір Әуелбекова жеті жастағы ұлының арманын орындады