Квазимемлекеттік компанияларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қалай жұмыс істейді

Фото: Zakon.kz
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы 2026 жылғы 10 тамыздағы бұйрықпен жаңа редакцияда квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгі ережені бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үлгілік ереже сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің құрылымдық бөлімшелеріне, басшылары мен жұмыскерлеріне, сондай-ақ осы Үлгілік ережеде көзделген жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты тұлғаларға қолданылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет (Қызмет) – квазимемлекеттік сектор субъектісінің осы ұйымның және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі.

Қызмет дербес құрылымдық бөлімше нысанында Ұлттық әл-ауқат қорында, ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, сондай-ақ олармен үлестес, жұмыскерлерінің орташа жылдық саны жүз адамнан асатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғаларда, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдары мен қатысушыларының қызметіне жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйымда, талаптар болған кезде құрылады.

Қызмет квазимемлекеттік сектор субъектісінде мынадай талаптардың біреуі немесе бірнешеуі болған кезде дербес құрылымдық бөлімше ретінде құрылады:

Басқа жағдайларда қызметтің функцияларын орындайтын жауапты тұлға айқындалады.

Қызметтің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оған сатып алумен, қаржымен, бухгалтерлік есеппен, кадрлық және шарттық жұмыспен, мүлікті басқарумен, ішкі аудитпен, қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, сондай-ақ Қызмет тарапынан мониторинг жүргізілуге жататын процестерді құқықтық сүйемелдеумен байланысты функциялар жүктелмейді.

Қызметтің басшысы мен жұмыскерлері квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының, директорлар кеңесінің, байқау кеңесінің (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органының құрамына кіре алмайды. Қызметтің құзыретіне жататын мәселелерді қарау кезінде Қызметтің басшысы мен жұмыскерлері көрсетілген органдардың отырыстарына дауыс беру құқығынсыз қатысады.

Қызмет мынадай функцияларды орындайды:

Жұмыс жоспары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуына мониторинг жүргізу, мүдделер қақтығысын анықтау, оқыту жүргізу, ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі іс-шараларды қамтиды.

Қызметтің және Жауапты тұлғаның ұсынымдары мен қорытындылары, оның ішінде ықтимал немесе нақты мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы қорытындылар және оны реттеу жөніндегі ұсынымдар квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына, тиісті шараларды қабылдауға өкілеттігі бар тұлғаға немесе тиісті мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында және квазимемлекеттік сектор субъектісінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде міндетті түрде қаралуға жатады.

Ұсынымдар мен қорытындыларды қарау нәтижелері бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы, тиісті шараларды қабылдауға өкілеттігі бар тұлға немесе құрылымдық бөлімшелер Қызметті немесе Жауапты тұлғаны қабылданған шаралар туралы хабардар етеді не оларды орындаудың мүмкін еместігіне уәжді негіздеме ұсынады.

Қызмет жылына кемінде бір рет директорлар кеңесіне, байқау кеңесіне (ол болған кезде) немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің өзге де тәуелсіз басқару органына, ал көрсетілген органдар болмаған жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің бұзылуы және оларды жою жөніндегі шаралар, мүдделер қақтығысы жағдайлары және оны болғызбау мен реттеу жөніндегі шаралар туралы мәліметтерді қамтитын қызметі туралы есеп ұсынады.

Қызметтің басшысы мен жұмыскерлері және Жауапты тұлға өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

Бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін нормаларды қоспағанда, 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Жасанды интеллектке сенген қытайлық фермер 10 гектар жердегі егінін жойып алды

Магистратура грантына кімдер таласа алады