Сот үкімімен 28 жастағы Шерхан Аймахан төтенше қауіпсіздіктегі мекемеге тоғытыла отырып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Сотталушы аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру, сталкинг (андып, ізіне түсу) және некеге тұруға мәжбүрлеу қылмыстары бойынша кінәлі деп танылды.
2026 жылғы 11 қаңтарда Шымкентте танысы 21 жастағы студент қыз Нұрай Серікбайды пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан бой тасалаған болатын. Кейін ол ұсталды. Марқұмның туыстары Нұрай күдіктімен таныс болғанына шамамен бір жыл болғанын, олар тойда танысқанын айтқан. Кейін ер адам Нұрайды алып қашқан, бірақ қыз қашып үлгерген. Содан кейін ол қызды аңдып, қорқытып-үркіте бастаған.
Айта кетсек, 1 сәуірде күдіктінің екі сараптамадан кейін мәжбүрлеп емдеуге жіберілгені белгілі болды. Ал 30 сәуірде Аймаханның есі дұрыс деп танылғаны белгілі болды.