Қазақстанда техникалық байқаудан өткізу қағидалары өзгерді

Фото: pexels
Көлік министрі 2026 жылғы 14 тамыздағы бұйрығымен механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түзетулерге сәйкес мына ұғымдар нақтыланды:

Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесінің операторы (БЦЖ операторы) – көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесін жүргізетін, дамытатын, біріктіретін және сүйемелдейтін акционерлік қоғам;

Цифрлық құжаттар сервисі – "цифрлық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітілген нысаны. Ол мемлекеттік функциялар мен солардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді іске асыру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, қызметтерді электронды түрде алу және көрсету мақсатында электронды құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған.

Бірыңғай цифрлық жүйенің операторы техникалық байқау операторына тиісті шарт негізінде міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесінің қызметтерін ұсынады.

Міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесі қызметтерін алу үшін техникалық байқау операторы БЦЖ операторына мына құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:

Екі немесе одан да көп техникалық байқау орталығы ашылған жағдайда бірыңғай цифрлық жүйе қызметтерін алу туралы өтініш әр орталықтың әрбір желісі бойынша жеке беріледі.

Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда БЦЖ операторы техникалық байқау операторымен міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесі қызметтерін көрсету туралы шарт жасасады.

Сондай-ақ көлік құралын техникалық байқаудан өткізу кезінде заңбұзушылықтар, оның ішінде жалған техникалық байқау белгілері анықталған жағдайда БЦЖ операторы тиісті қызметтерді көрсетпейтіні белгіленді.

Техникалық байқау операторы:

Міндетті техникалық байқауды өткізуге қажетті уақыт көлік құралының түрі мен санатына қарай белгіленеді:

Сонымен қатар БЦЖ операторы бірыңғай цифрлық жүйені міндетті техникалық байқау кезінде қолданылатын өлшеу құралдарын тексеру туралы берілген сертификаттар жөніндегі мәліметтер қамтылған техникалық реттеудің цифрлық жүйесімен ықпалдастыруды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ стационарлық және мобильді желілерде өткізілген техникалық байқау туралы деректер электрондық карта арқылы бірыңғай цифрлық жүйеге жіберіледі. Бұл техникалық байқаудың нақты өткізілген уақыты мен орнын анықтауға мүмкіндік береді.

Техникалық байқау операторы мобильді және стационарлық желілердің орналасқан жері туралы мәліметтерді жіберу үшін навигациялық жүйе орнатады.

БЦЖ операторы техникалық байқау операторына механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесінің қызметтерін шарт негізінде ұсынады.

Диагностикалық картаны техникалық байқау операторы бірыңғай цифрлық жүйемен ақпарат алмасатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы электрондық нысанда толтырады.

Техникалық байқаудың стационарлық және мобильді желілері міндетті техникалық байқау нәтижелері туралы ақпарат пен мәліметтерді қалыптастыруға, сақтауға және автоматты түрде жіберуге арналған мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықталады.

Ақпарат пен мәліметтерді қалыптастыру, сақтау және автоматты түрде жіберу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар ескеріледі.

Міндетті техникалық байқау нәтижелері бойынша мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы бірыңғай цифрлық жүйеге көлік құралының иесі, көлік құралы, техникалық байқау нәтижелері және берілген диагностикалық карталар туралы ақпарат жіберіледі.

Келесі міндетті техникалық байқаудан өту мерзімі көрсетілген диагностикалық карта жоғалған немесе бүлінген жағдайда көлік иесі оны бұрын берген техникалық байқау операторына телнұсқа беру туралы өтінішпен жүгінеді.

Техникалық байқау операторы міндетті техникалық байқауды қайта өткізбестен, жоғалған немесе бүлінген диагностикалық картаның орнына 15 минут ішінде жаңа карта береді.

Жаңа диагностикалық карта жоғалған немесе бүлінген картаның қолданылу мерзіміне беріледі.

Көлік құралының иесі және (немесе) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі өзгерген жағдайда БЦЖ операторы міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесіне тиісті өзгерістер енгізеді.

Техникалық байқау операторы оның нәтижелері туралы ақпаратты бірыңғай цифрлық жүйеге мынадай мерзімділікпен жібереді:

Сонымен қатар міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесінің жұмыс істеу тәртібі өзгерді.

Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесіндегі мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін БЦЖ операторы салалық қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен бірлесіп, жарты жылда бір рет барлық мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің белгіленген талаптарға сәйкестігіне мониторинг жүргізеді.

Мониторинг барысында мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді белгіленген талаптарда тыйым салынған тәсілмен пайдалануға мүмкіндік беретін бағдарламалық бетбелгілердің, оның ішінде деректерді қолмен енгізу мүмкіндігінің болмауы, сондай-ақ бастапқы кодтың тікелей компиляциялауға және жинақтауға дайындығы тексеріледі.

Мониторинг қорытындысы бойынша БЦЖ операторы мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің белгіленген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды жасайды.

Бірыңғай цифрлық жүйедегі мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында БЦЖ операторының белгіленген талаптарға сай келмейтін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуден, сондай-ақ бақылау-диагностикалық жабдықтан берілетін деректерді бұрмалайтын модульдерден, контроллерлер мен датчиктерден ақпарат қабылдауына жол берілмейді.

БЦЖ операторы міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесінде мынадай функциялардың жұмысын қамтамасыз етеді:

Анықталған талап бұзушылықтар жойылғаннан кейін техникалық байқау операторы БЦЖ операторына растайтын материалдарды қоса тіркеп, бұл туралы ақпарат ұсынады.

БЦЖ операторы анықталған талап бұзушылықтардың жойылғанын растағаннан кейін техникалық байқау операторына механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесінің қызметтері қайта көрсетіледі.

БЦЖ операторы техникалық байқау нәтижелері туралы бірыңғай цифрлық жүйеге келіп түсетін деректерге аптасына кемінде екі рет объективті мониторинг жүргізу үшін көлік саласындағы қауымдастықтар мен ұйымдардың, сондай-ақ келісім бойынша құқық қорғау органдарының өкілдерінен жұмыс тобын құрады.

БЦЖ операторы мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің осы нұсқасын бірыңғай цифрлық жүйеге қосу үшін сәйкестендіру кілтін қалыптастырады.

Мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда БЦЖ операторы одан механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай цифрлық жүйесіне деректер жіберу мүмкіндігін бұғаттайды.

Бұдан бөлек, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларына және техникалық байқау операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларына да түзетулер енгізілді.

Бұйрық 2026 жылғы 19 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

Қазақстанда гуманоид роботтар өндірісі бір жолға қойылады

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Қазақстанда аптап ыстық алдағы уақытта қалыпты жағдайға айналуы мүмкін

Алматыдағы Достық даңғылынан басталатын Құрмет көшесі алты күнге жабық