Қазақстанда ет импорттауға арналған квоталар жеткізушілер арасында қайта бөлінеді

Фото: Zakon.kz
Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанға еттің жекелеген түрлерін импорттауға арналған тарифтік квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба аясында қолданыстағы қағидаларды қайта бекіту және тарифтік квота үлесін тұрақты әрі жаңа жеткізушілер арасында тиісінше 80/20 арақатынасында бөлу ұсынылып отыр.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Оны қоғамдық талқылау 2026 жылғы 9 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бұған дейін қолданыстағы қағидаларға сәйкес, 2026 жылға арналған тарифтік квота көлемі тұрақты жеткізушілер арасында бөлінген еді.

Атап айтқанда, тоғыз жеткізушіге ірі қара малдың 8 505 тонна жас немесе салқындатылған етін импорттауға квота берілген.

Ал үй құсының жас, салқындатылған немесе мұздатылған еті мен тағамдық қосалқы өнімдерін әкелуге арналған 86 400 тонна квота 27 жеткізуші арасында бөлінді.

Сонымен қатар құс еті мен оның тағамдық қосалқы өнімдерінің жекелеген санатына белгіленген 8 100 тонна квота 13 жеткізушіге берілді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін