Павлодарда төрт көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, тағы жетеуі жарақат алды

Сурет: Zakon.kz
Павлодар қаласына қарайғы бетте, Кенжекөл ауылы маңында тұсында төрт көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, тағы жетеуі жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жантүршігерлік жол апатының түнгі видеосы әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлер түсірген видеодан талқандалған автокөліктер мен оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем бригадаларын көруге болады.

Құқық қорғау органдары болған оқиғаның мән-жайына тоқталып, түсініктеме берді.

"Полиция УАЗ "Патриот", Audi 100, BMW және Lada Priora көліктерінің қатысуымен Павлодар – Кенжекөл тас жолында болған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады. Оның салдарынан бір адам қаза тауып, жетеуі жарақат алды", деп хабарлады 2026 жылғы 18 қыркүйекте Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне.

Ведомство оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатынын нақтылады.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған