YK-news.kz басылымының мәліметінше, осы үйдің тұрғындары аталған оқиғаның куәсі болған. Олар көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан жас жігіттің асылулы күйіндегі денесін тапқан.
ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі 18 жастағы жергілікті тұрғынның өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.
Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Ақмола облысында мас әйел баласын емізген күйі ұйықтап қалып, жазатайым оқиға орын алғанын жазғанбыз.