Жасөспірім өлімі: Ақтауда хирург дәрігер ұсталды

Сурет: pexels
Ақтауда облыстық балалар ауруханасының хирург дәрігері кәсіби міндеттерін тиісінше орындамады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz сайтының мәліметінше, 2026 жылдың сәуір айында Ақтау тұрғыны 13 жастағы ұлының ауыр хәлге түсуіне әкеліп соқтырған дәрігер қателігіне шағымданып, мәлімдеме жасаған болатын. Бала санавиациямен Алматыға жеткізілді. Алайда ол көп ұзамай жан тапсырды.

Бұдан кейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі көпсалалы балалар ауруханасында ауқымды тексеру жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықты анықтады.

2026 жылғы 1 қазанда ҚР Қылмыстық-процессуальдық кодекстің 128-бабына сәйкес, облыстық балалар ауруханасының хирург дәрігері ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қылмыстық іс аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, медицина қызметкерлерінен сұрақ-жауап алынды, комиссиялық сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Комиссиялық сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмаған балаға медициналық көмек көрсету кезінде асқынулардың туындауына әсер етуі мүмкін кемшіліктер анықталды", деп хабарлады полициядан.

Өңірлік полиция департаменті тергеу барысында облыстық балалар ауруханасында балаға медициналық көмек көрсету кезінде ұйымдастыру-тактикалық және емдеу-диагностикалық сипаттағы кемшіліктер жіберілгені анықталғанын нақтылайды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.

Бұған дейін Ақтөбеде дәрігерлер төрт жастағы қызға дер кезінде дұрыс диагноз қойып, тиісті ем тағайындамағаны хабарланған. Соның салдарынан бала бір құлағының есту қабілетінен айырылды. Сот қалалық және облыстық балалар ауруханаларын жауапты деп таныды.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін