"Семей орманы" аумағына жүргізілген рейдтен кейін үш қылмыстық іс қозғалды

Сурет: pexels
Бородулиха ауданының прокуратурасы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында орман қорын қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында жүргізген кезекті рейдтік іс-шаралар барысында ағаштарды заңсыз кесудің алты фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның үш фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталса, қалған үш факті бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды.

"Сонымен қатар, 20 орамда орман дайындау жұмыстары тоқтатылып, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып техниканы пайдаланудың бес фактісінің жолы кесілді. Оның ішінде ұшқын сөндіргішсіз техниканы пайдалану фактілері де бар. Бұдан бөлек, 20-дан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың қатарында тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінсіз көлік құралдарын басқару, мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз техниканы пайдалану, сондай-ақ көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқару фактілері бар". ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Анықталған барлық заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданғаны нақтыланады.

Бұған дейін Ақмола облысында құны 1,8 млрд теңге болатын орман жері мемлекетке қайтарылғаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін