Үкімет жәрдемақылар тізбесі мен оларды тағайындау шарттарын бекітті

Фото: Zakon.kz
Үкіметтің 2026 жылғы 5 қазандағы қаулысымен жәрдемақылар тізбесі, оларды тағайындау, төлемдерін тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату шарттары, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау шарттары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тізбеге жәрдемақының 10 түрі енгізілген:

  1. Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
  2. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
  3. Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы. Бұл ретте жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын балалар 18 жасқа толғаннан кейін де оқуын аяқтағанға дейін, бірақ 23 жастан аспайтын мерзімге есепке алынады;
  4. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
  5. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
  6. Қайтыс болған асыраушысының асырауында болған, еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
  7. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;
  8. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
  9. Мүгедектігі бар баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы;
  10. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы.

Сонымен қатар жәрдемақыларды тағайындау, олардың төлемдерін тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату шарттары, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау шарттары белгіленді.

Жәрдемақылар мен жерлеуге арналған төлем отбасының (адамның) әлеуметтік әл-ауқат деңгейін объективті бағалау негізінде, мұқтаждық қағидатына сәйкес беріледі.

Отбасының немесе адамның әлеуметтік әл-ауқат деңгейін объективті бағалау мына жәрдемақыларды тағайындау кезінде қолданылмайды:

Мұқтаждық қағидатына сәйкес, әлеуметтік әл-ауқат деңгейі жоғары ("А" деңгейі) және ауқатты ("В" деңгейі) адамдардың жәрдемақылар мен жерлеуге арналған біржолғы төлемді алуға құқығы жоқ. Бұл деңгейлер отбасының (адамның) әлеуметтік әл-ауқатын айқындау әдістемесіне сәйкес белгіленеді.

Жәрдемақылар мен жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау үшін отбасының кәмелетке толған мүшелері және осы төлемдерді алуға үміткер адамдар дербес деректерін жинауға және тексеруге келісім беруі тиіс. Бұған банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюродан алынатын кредиттер бойынша борыш сомасы, ай сайынғы төлем мөлшері, мерзімі өткен немесе қалған берешек сомасы туралы ақпарат кіреді. Бұл деректер отбасының (адамның) әлеуметтік әл-ауқатын объективті бағалау үшін қажет.

Әлеуметтік әл-ауқат деңгейін объективті бағалау нәтижесінде жәрдемақы алушы "А" немесе "В" деңгейіне жатқызылса, жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады.

Ай сайын жүргізілетін объективті бағалау нәтижесінде жәрдемақы алуға үміткер адамдар әлеуметтік әл-ауқаты қанағаттанарлық, экономикалық тұрғыдан осал немесе экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан осал деңгейлерге жатқызылған жағдайда, жәрдемақы төлеу қайта басталады.

Бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау шарттары

Аталған жәрдемақыларды тағайындаудың шарты – Әлеуметтік кодекстің 79 және 81-баптарына сәйкес оларды алуға құқықтың болуы.

Бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеу мына жағдайларда тоқтатыла тұрады:

Бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеу мына жағдайларда тоқтатылады:

Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеу мына жағдайларда тоқтатыла тұрады:

Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеу мына мерзімдерден бастап қайта басталады:

Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеу мына жағдайларда тоқтатылады:

Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу мына жағдайларда тоқтатыла тұрады:

Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу мына жағдайларда тоқтатылады:

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу мына жағдайларда тоқтатыла тұрады:

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу мына жағдайларда тоқтатылады:

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу мына жағдайларда тоқтатыла тұрады:

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу мына жағдайларда тоқтатылады:

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны төлеу мына жағдайларда тоқтатыла тұрады:

Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу мына жағдайларда тоқтатыла тұрады:

Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу мына жағдайларда тоқтатылады:

Сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау шарттары белгіленді.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін немесе мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет қаражаты есебінен 35 АЕК мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем беріледі.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы Ұлы Отан соғысының ардагері қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға 36,6 АЕК мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем беріледі.

Қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін