Құзырлы орган мәліметінше, 15 қазанда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Астана – Атбасар – Жақсы тас жолында тәртіп бұзушыны анықтады. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер жүргізушіден шыққан алкогольдің иісін сезді. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ер адам жеңіл дәрежеде мас болған.
"Құқық бұзушының өзі айтқандай, ол 15 қазанға қараған түні сыра ішкен, бірақ соған қарамастан рөлге отырған. Салонда жолаушылар болған жоқ. Ер адам ауылшаруашылық бөлшектерін тасымалдаған. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімі бойынша оған 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру және 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды". Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі
Полицейлер мас күйінде көлік жүргізу жүргізушінің өзіне ғана емес, жол қозғалысының басқа мүшелеріне де қауіп төндіретінін еске салады.
Бұған дейін Астанада қоғамдық орында жалаңаш күйінде "концерт" қойған ер адам түрмеге қамалғаны хабарланған.