Қазақстан мен Пәкістан кеден саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 21 қазанда Құрылтайдың жалпы отырысында депутаттар Пәкістанмен кеден саласындағы ынтымақтастық пен өзара көмек туралы заң жобасын екі оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден саласындағы ынтымақтастық және әкімшілік өзара көмек туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын Қаржы министрі Мәди Тәкиев таныстырды. Оның айтуынша, құжатқа 2026 жылғы 4 ақпанда Исламабадта қол қойылған.

"Келісім ақпаратты жедел алмасу, қауіптердің алдын алу және жолын кесу шараларын келісу, сондай-ақ құзыретті органдардың іс-қимылын үйлестіру мақсатында жасалды. Бұл тұрақты әрі тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Келісімді ратификациялау кеден саласындағы өзара іс-қимыл мен уақтылы ынтымақтастықтың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оның ішінде ақпаратты жедел алмасу және осы саладағы ынтымақтастық шараларын келісу көзделген", – деді Қаржы министрлігінің басшысы.

Оның сөзінше, келісімді іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуді және кеден заңнамасына өзгерістер енгізуді талап етпейді. Сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігіне кері әсерін тигізбейді.

Құрылтайдың бейінді комитетінің қорытындысында заң жобасының мақсаты кеден ісіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттердің кеден қызметтерінің мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету екені айтылған.

"Келісім ақпаратты жедел алмасуды, қауіптердің алдын алу және жолын кесу шараларын келісуді, сондай-ақ құзыретті органдардың іс-қимылын үйлестіруді көздейді. Бұл тұрақты әрі тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді", – делінген Құрылтай комитетінің қорытындысында.

2026 жылғы 21 қазанда депутаттар Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы кеден қызметтерінің өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасын да екі оқылымда мақұлдаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

21 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

"Қалың қар жауып, бұрқасын жүреді". Еліміз бойынша 22 қазанға арналған ауа райы болжамы

2027 жылдан бастап АӘК беру мөлшері мен шарттары бекітілді

"Қыстың жақындағаны сезіледі": Қазақстанда ауа температурасы -10°C-қа дейін төмендейді