Шымкентте арнаулы қызмет сарбаздары полицейді ұстады

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте көліктен есірткі болуы мүмкін күмәнді зат табылғаннан кейін аудандық полиция басқармасының қызметкері ішкі істер органдарынан теріс қылықтары бабымен жұмыстан босатылды. Бұл факті бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайлы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде жарияланды. Оған сәйкес, 19 қазанға қараған түні қалаға кіреберісте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері мемлекеттік нөмірі жоқ KIA Cerato көлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде, болжам бойынша, Еңбекші аудандық ПБ инспекторы болған, ал салонда екі ер адам отырған.

Сондай-ақ жазбада тексеру кезінде олардың бірі қашуға тырысқаны, жедел уәкілдердің көлігін соғып, қарсылық көрсеткені де айтылады. Күдіктілерді ұстау үшін СОБР сарбаздары жұмылдырылған. Көлік салонынан есірткі болуы мүмкін түйіншік табылды, оның нақты құрамын сараптама анықтайды.

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдік фактісі анықталғанын растап, полиция қызметкерінің жұмыстан босатылғанын нақтылады.

"Шымкент қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында есірткі құралдарын заңсыз сақтау фактісінің жолын кесті. Іс-шаралар барысында көлікте азаматтық тұлғалармен бірге полицияның аудандық бөлімшелерінің бірінің қызметкері болғаны анықталды. Аталмыш қызметкер ішкі істер органдарынан теріс қылықтары бойынша жұмыстан босатылды", деп хабарлады ПД Zakon.kz тілшісіне 2026 жылғы 21 қазанда.

Ведомство қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын, оқиғаның барлық мән-жайына, соның ішінде экс-полицейдің әрекеттеріне алда құқықтық баға берілетінін де атап өтті.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды, деп нақтылады ПД-дан.

Бұған дейін Шымкентте кәсіпкерден 10 млн теңге талап еткен екі ер адамның ұсталғанын жазғанбыз.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

"Қалың қар жауып, бұрқасын жүреді". Еліміз бойынша 22 қазанға арналған ауа райы болжамы

21 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

2027 жылдан бастап АӘК беру мөлшері мен шарттары бекітілді

"Қыстың жақындағаны сезіледі": Қазақстанда ауа температурасы -10°C-қа дейін төмендейді