Қазақстанда Конституциялық соттың жаңа регламенті қабылданды

Фото: akorda.kz
ҚР Конституциялық соты 2026 жылғы 13 қарашадағы нормативтік қаулысымен Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының регламентін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат Конституциялық соттың қызметін ұйымдастыру мәселелері мен жұмыс тәртібін айқындайды.

Конституциялық соттың отырысында конституциялық іс жүргізу тәртібімен шешілетін мәселелер мен Конституциялық сот судьяларының ант беруінен бөлек, мынадай мәселелер қаралады:

Конституциялық сот отырыстарында шешілетін мәселелер қатарынан судьяның өкілеттігін тоқтату туралы мәселелер алынып тасталды.

Конституциялық соттың отырыстары, әдетте, арнайы бөлінген залда өткізіледі. Онда Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және ҚР Конституциясының басылымы тұрақты түрде орналастырылады.

Конституциялық іс жүргізудің жариялылығына қойылатын талаптар мен белгіленген шектеулер сақтала отырып, Конституциялық соттың отырысына БАҚ өкілдері және өзге де адамдар шақырылуы мүмкін.

Отырысты жүргізушінің рұқсатымен отырыс залында фотосуретке түсіруге, бейнежазба жасауға, сондай-ақ интернет ақпараттық-коммуникациялық желісінде тікелей радио және бейнетрансляция жүргізуге жол беріледі. Бұл туралы отырыс хаттамасында көрсетіледі. Аталған әрекеттер отырыстың қалыпты өтуіне кедергі келтірмеуге тиіс. Оларға уақыт жағынан және конституциялық іс жүргізудің жекелеген сатыларында шектеу қойылуы мүмкін.

Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау мақсатында Конституциялық соттың қаулысы бойынша жабық отырыстар өткізуге жол беріледі.

Отырыс конституциялық іс жүргізу тілдерінде өткізіліп, хаттама да сол тілдерде жасалады. Конституциялық іс жүргізу мемлекеттік тілде жүзеге асырылады, қазақ тілімен қатар орыс тілі де ресми түрде қолданылады.

Отырыс хаттамасында Конституциялық соттың әрекеттері орындалу ретімен көрсетіліп, мынадай мәліметтер қамтылады:

Аудио-, бейнежазба сақталған материалдық жеткізгіш пен отырыс хаттамасы конституциялық іс жүргізу материалдарына қоса тіркеледі.

Өкілдің өкілеттіктері сенімхатта немесе оның өкілеттіктерін растайтын өзге де құжатта көрсетілуге тиіс.

Заңмен, жарғымен немесе ережемен ұйым мүшелерінің, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті тұлғалары осы іс бойынша өкілдік ету тапсырылғанын растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс. Сонымен қатар жарғының, ереженің, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері ұсынылады.

Адвокаттың нақты істі жүргізу өкілеттіктері адвокат куәлігімен және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламамен расталады.

Заң консультанттары заң консультанттары палатасына мүшелігін растайтын құжатты, сондай-ақ өкілдік ету өкілеттіктерін растайтын құжатты ұсынады.

Заңды өкілдер өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды ұсынады.

Жаңа регламентке сәйкес, конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың өкілдерінің саны екі адамнан аспауға тиіс.

Өкілдердің арнайы өкілеттіктері (42-баптың 2-тармағының 6 және 7-тармақшалары) сенімхатта бөлек көрсетілуге тиіс.

Өтініштерді алдын ала қарауды Аппарат өтініш тіркелген кезден бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады. Мәселені қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, Аппарат басшысы ұзарту себептерін көрсете отырып, бұл мерзімді алдын ала қарауды аяқтауға қажетті уақытқа ұзарта алады.

Анықталған сәйкессіздік айқын болып, жеке талдауды немесе сараптаманы қажет етпесе, өтініш қайтарылады.

Конституциялық соттың өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдау туралы шешімі әрбір өтініш бойынша жеке тұжырымдалады.

Конституциялық соттың өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдаудан бас тарту туралы қаулысы тиісті негіз болған жағдайда қабылданады. Қаулы уәжді болуға тиіс және жеке құжат түрінде ресімделеді.

Аппарат Конституциялық сот қабылдаған шешім туралы конституциялық іс жүргізуге қатысушыларды бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

Өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдаудан бас тарту туралы шешім жөніндегі хабарламаға Конституциялық соттың елтаңбалы мөрімен куәландырылған қаулы көшірмесі қоса беріледі.

Жаңа регламентте мынадай қосымша нормалар көзделген:

Судья өздігінен бас тарту туралы мәлімдеген жағдайда, оған нақтылаушы сұрақтар қойылуы мүмкін. Өздігінен бас тарту мәселесі оны мәлімдеген судьяның қатысуынсыз қаралады. Өздігінен бас тарту қанағаттандырылса, қажетті кворум болған жағдайда өтінішті қарау жалғастырылуы мүмкін.

Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар мәлімдеген өтінішхаттарды Конституциялық сот қарайды. Оларды қарау нәтижелері бойынша тиісті процестік шешім қабылданып, ол отырыс хаттамасында көрсетіледі немесе Конституциялық соттың жеке қаулысымен ресімделеді.

Азаматтардың өтініштерін Конституциялық сот отырысында сот қалыптастыратын бес судьядан тұратын құрамдар қарауы мүмкін.

Конституциялық сот өтінішті конституциялық іс жүргізуге қатысушыларды шақырмай қарауға құқылы. Өтініштерді тыңдау өткізбей қарау туралы шешім қабылдаған кезде Конституциялық сот қойылған мәселелердің сипатын, қолда бар материалдардың өтінішті қарау үшін жеткіліктілігін, сондай-ақ конституциялық іс жүргізуге қатысушылар мен өзге де адамдардың ұстанымдарын тыңдау қажеттілігін ескереді.

Конституциялық сот шешімдерді алқалы түрде қабылдайды. Шешімдер отырысқа қатысқан судьялардың көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Қорытынды шешіммен келіспеген судья өз пікірін жазбаша түрде баяндауға құқылы. Бұл пікір конституциялық іс жүргізу материалдарына қоса тіркеледі.

Судья өзінің ерекше пікірін жария етуге немесе оған көпшілік алдында сілтеме жасауға құқылы емес.

Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, конституциялық іс жүргізу материалдарымен танысуға, олардан үзінді көшірмелер жасауға және көшірмелер түсіруге құқылы.

Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың материалдармен танысуын, үзінді көшірмелер жасауын және көшірмелер түсіруін Аппарат қамтамасыз етеді.

Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар таныса алатын материалдарға мыналар жатады:

Аппарат Конституциялық соттың қорытынды шешімдерінің орындалуы туралы жылдық ақпараттық есеп дайындайды. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың Конституциялық сот шешімдерін орындау үшін қабылдаған шаралары туралы ақпаратты жинақтап, оны Төрағаға және Конституциялық сотқа ұсынады.

Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар Конституциялық сот шешімдерін орындау үшін қабылдаған шаралары туралы сот белгілеген мерзімдерде хабарлайды.

Нормативтік қаулы 13 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Жезқазғанда ойын-сауық орталығының әкімшісі отшашу атқаны үшін жазаланды

Жібек Құламбаева WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды

Көлік министрі балалар арбасымен автобусқа міну мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

Ақмола облысында полицейлер жоғалған 86 жастағы қарияны іздеп тапты