Бұл туралы 2026 жылы 18 қарашада өңір прокуратурасы хабарлады:
"Успен ауылдық округі әкімінің аппараты жөнделмеген ауылішілік жол учаскесі үшін «МКК-Элит Строй» ЖШС-не заңсыз түрде 45 млн теңге аударған. Аталған факті бойынша прокуратура әкімдік пен мердігер ұйымның лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеуді Павлодар облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті жүргізуде".
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бұған дейін "Жібек жолы" шекаралық өткізу пунктінің құрылысы демеушілер есебінен қаржыландырылғаны хабарланған.