Жөнделмеген жолға төленген 45 млн теңге: ҰҚК әкімдік қызметкерлеріне қатысты істі тергеп жатыр

Теңге, қаржыландыру, Павлодар облысы, Успен ауданы, жөнделмеген жол, ҰҚК, әкімдік қызметкерлері, тергеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2026 17:20 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Успен ауданының прокуратурасы автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде заңдылықтың сақталуына жүргізген тексеру барысында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 18 қарашада өңір прокуратурасы хабарлады:

"Успен ауылдық округі әкімінің аппараты жөнделмеген ауылішілік жол учаскесі үшін «МКК-Элит Строй» ЖШС-не заңсыз түрде 45 млн теңге аударған. Аталған факті бойынша прокуратура әкімдік пен мердігер ұйымның лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеуді Павлодар облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті жүргізуде".

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін "Жібек жолы" шекаралық өткізу пунктінің құрылысы демеушілер есебінен қаржыландырылғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: