Атап айтқанда, тізімге бұзылған жағдайда жедел ден қою шаралары қолданылатын сегіз түрлі талап енгізілген:
- Зерттеу ядролық қондырғысының (ЗЯҚ) белсенді аймағына отын тиеу немесе қайта тиеу кезінде де қоса алғанда, оны пайдаланудың барлық режимінде нейтрон ағынының тығыздығын бақылау құралдарының болуы;
- ЗЯҚ-тың бірінші контурындағы жылу тасымалдағыштың радиоактивтілігін, эксперименттік контурларды, радионуклидтердің ауаға шығарылуы мен суға төгілуін, сондай-ақ үй-жайлар мен қондырғы аумағындағы радиациялық жағдайды бақылау құралдарының болуы;
- Гетерогенді зерттеу реакторындағы жылу тасымалдағыштың (баяулатқыштың), критикалық жинақтағы баяулатқыштың, гомогенді зерттеу реакторындағы ядролық материал ерітіндісінің ағып кетуін бақылау құралдарының болуы;
- I санаттағы ядролық материалдарды аса маңызды аймақтағы нығайтылған (сейфтік) үй-жайда немесе арнайы камерада (құрылымда) сақтау. Мұндай орындар материалды алып қоюға кедергі келтіретін, оның анықталуы мен ұсталуын қамтамасыз ететін қосымша қорғаныс шебімен жабдықталуы керек;
- Табиғи уран өндірумен және (немесе) оны пайдаланумен айналысатын кәсіпорындардың ядролық-физикалық қауіпсіздік жөніндегі бекітілген әрі келісілген жоспарының болуы;
- Атом энергиясын пайдалану саласында тиісті лицензияның болуы.
Атом энергиясын пайдалану нысандарында жұмыс істейтін персоналдың біліктілік талаптарына сәйкестігі:
1 және 2-санаттағы радиациялық қауіпті нысандарда жұмыс істейтін мамандарға қойылатын талаптар:
- Ұйым қызметінің бейініне сәйкес келетін техникалық мамандық бойынша жоғары білімі туралы дипломының болуы;
- Атом энергиясын пайдалану нысандарында кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы. Ол мынадай құжаттармен расталуы мүмкін:
- еңбек кітапшасы;
- жұмыс берушінің еңбек шартының тоқтатылған күні мен негізі туралы белгісі бар еңбек шарты;
- еңбек қатынастарының туындағанын және (немесе) тоқтатылғанын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
- қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосінен үзінді көшірмелер;
- жұмыс берушінің қолы қойылып, мөрімен расталған (бар болған жағдайда) еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған қызметтік тізім;
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелер;
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан аударылған әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер;
- дуальды оқыту туралы шарт;
- қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;
- еңбек қатынастарының болғанын растайтын заңды күшіне енген сот шешімі;
- біліктілігін және лауазымдық міндеттеріне сәйкес даярлықтан өткенін растайтын сертификаттар, куәліктер мен өзге де құжаттар.
3 және 4-санаттағы радиациялық қауіпті нысандарда жұмыс істейтін мамандарға қойылатын талаптар:
- Ұйым қызметінің бейініне сәйкес келетін мамандық бойынша жоғары білімі туралы дипломының болуы;
- Біліктілігін және лауазымдық міндеттеріне сәйкес даярлықтан өткенін растайтын сертификаттар, куәліктер мен өзге де құжаттардың болуы.
- 1 және 2-санаттағы радиациялық қауіпті нысандарда жұмыс істейтін техниктерге қойылатын талаптар:
- Ұйым қызметінің бейініне сәйкес келетін техникалық мамандық бойынша жоғары, орта білімнен кейінгі немесе орта (техникалық және кәсіптік) білімі туралы дипломының болуы;
- Атом энергиясын пайдалану нысандарында кемінде бір жыл жұмыс өтілінің болуы. Ол мынадай құжаттармен расталуы мүмкін:
- еңбек кітапшасы;
- жұмыс берушінің еңбек шартының тоқтатылған күні мен негізі туралы белгісі бар еңбек шарты;
- еңбек қатынастарының туындағанын және (немесе) тоқтатылғанын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
- қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосінен үзінді көшірмелер;
- жұмыс берушінің қолы қойылып, мөрімен расталған (бар болған жағдайда) еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған қызметтік тізім;
- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелер;
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан аударылған әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер;
- дуальды оқыту туралы шарт;
- қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;
- еңбек қатынастарының болғанын растайтын заңды күшіне енген сот шешімі;
- біліктілігін және лауазымдық міндеттеріне сәйкес даярлықтан өткенін растайтын сертификаттар, куәліктер мен өзге де құжаттар.
3 және 4-санаттағы радиациялық қауіпті нысандарда жұмыс істейтін техниктерге қойылатын талаптар:
- Ұйым қызметінің бейініне сәйкес келетін техникалық мамандық бойынша жоғары, орта білімнен кейінгі немесе орта (техникалық және кәсіптік) білімі туралы дипломының болуы;
- Біліктілігін және лауазымдық міндеттеріне сәйкес даярлықтан өткенін растайтын сертификаттар, куәліктер мен өзге де құжаттардың болуы.
Атом энергиясын пайдалану нысандарында жұмыс істейтін жұмысшыларға қойылатын талаптар:
- Ұйым қызметінің бейініне сәйкес келетін мамандық бойынша орта білімнен кейінгі немесе орта (техникалық және кәсіптік) білімі туралы дипломының болуы.
Сонымен қатар үй-жайларды, жабдықтар мен материалдарды дезактивациялау (радиоактивті ластанудан тазарту), сондай-ақ аумақтар мен нысандарды радиациялық оңалту және жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жоғары, орта білімнен кейінгі немесе орта (техникалық және кәсіптік) білімі жоқ жұмысшыларды да тартуға рұқсат етіледі.
Бұйрық 2026 жылғы 29 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.