Айтыстың бір миллион теңгелік бас жүлдесін Ринат Зайытов еншіледі

Zakon.kz
Аудан әкімінің арнайы жүлдесін көкпектілік Жасұлан Мақаев алды.
Көпектіде өткен республикалық айтыстың бір миллион теңгелік бас жүлдесін Ринат Зайытов еншіледі, - деп хабарлайды Altaynews.kz.

Ал бірінші, екінші, үшінші орындар Рүстем Қайыртайұлы, Аспанбек Шұғатаев, Серік Қуанғанұлына бұйырды. Аудан әкімінің арнайы жүлдесін көкпектілік Жасұлан Мақаев алды. Қалған ақындар да құр қол қайтпады.

Естеріңізге сала кетейік, Көкпекті ауданында Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдық торқалы тойына орай «Жыр тұнған жағасына Көкпектінің» атты республикалық айтыс өткен болатын. Жиын барысында мерейтой иесінің тағылымды өмірі мен тартымды шығармаларынан сыр шертетін зал ашылды. Сондай-ақ өңірдегі атымтай азаматтардың көмегімен аудандық мәдениет үйінің алдына ақтангер ақынның кеуде мүсіні қойылды.

Фото: altaynews.kz


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты