Газ жарылысынан күйік шалған әйел аса ауыр халде

Zakon.kz
Әйел дәрігерлердің үнемі бақылауында.
Оралдағы тұрғын үйде болған газ жарылысынан күйік шалған әйелдің жағдайы аса ауыр күйінде қалып отыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық клиникалық аурухана директоры Ерлан Тоқсановтың айтуынша, қазіргі уақытта оны аман алып қалу мақсатында қолдан келгеннің бәрі жасалуда. Қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті, әйел дәрігерлердің үнемі бақылауында.

«Бүгін Астанадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығынан өрт жарақаты бойынша білікті маман арнайы келді. Ол облыстық аурухана қызметкерлерімен кеңесе отырып, бірге жұмыс жасауда», деді Е.Тоқсанов.

Еске сала кетейік, 18 қараша күні сағат 09.58 шамасында Оралға қарасты Зачаган кентіндегі тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, алты адам зардап шегіп, соның ішінде 37 жасар әйелдің денесін 85 пайыз күйік шалып, кейін оның іштегі сәбиі шетінеп кеткен еді.

Фото: www.inform.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?