Ақтөбеде қорадан қашқан бұқа үш күннен бері ұстатпай көше кезіп жүр

Zakon.kz
Видео авторы оқиғаға бүгін куә болғанын жазған.
Ақтөбе қаласында мойнына арқан жіп байланған қара бұқа көліктермен ілесіп, көшеде жүгіріп жүр. Instagram әлеуметтік желісіндегі aktobe_zello парақшасына жүктелген видеоға пікір білдірген желі қолданушылары бұл жағдайдың бүгінмен үшінші күнге жалғасып жатқанын айтады. Бұл туралы aktobenews.kz хабарлады.

Тіпті, мал иесі де видео астына малына іздеу салыпты.

Видео авторы оқиғаға бүгін куә болғанын жазған. Ал, қала тұрғындары бұқаны бірнеше күннен бері айналасына адам жуытпай, көше кезіп жүргенін мәлімдеп отыр.

«Өткенде Берсиева көшесінде жүгіріп жүрген», «Масқара, әлі жүр ме?» «3 күннен бері әлі жүр ғой. Неге бір адам ұстай алмаған?», – дейді Instagram қолданушылары.

Мал иесі де видео астына бұқасына іздеу салып, «Мына бұқа менің малым. Тимеңіздерші. Неше күннен ұстатпай жүр. Көрсеңіздер хабар беріңіздерші» деп пікір қалдырған.

Фото: sn.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді