Қайыр сұраған Өзбекстан азаматшасы елден қуылды

Zakon.kz
Қоғамдық орындарда қайыр сұрап, тұрғындардың мазасын алған.
Көкшетау қаласында қоғамдық орындарда қайыр сұрап, тұрғындардың мазасын алған Өзбекстан Республикасының азаматшасы ел аумағынан шығарылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Өзбекстан азаматшасы ұзақ уақыт бойы Көкшетау қаласының қоғамдық орындарында қайыр сұрап келген. Келіншекті арнайы рейд барысында қалалық ІІБ көші-қон полициясының қызметкерлері ұстаған.

«Шетел азаматшасының ҚР ӘҚбК 449-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды. Сондықтан ол дереу ел аумағынан шығарылды», - деп түсіндірді ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері халықтың көшіп-қонуына байланысты ҚР заңнамасын бұзған 4 115 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 3 719-ының Қазақстан Республикасы аумағынан шығу мерзімі өтіп кеткені, ал 396 шетелдіктің заңсыз жұмыс істеп жүргені анықталды.

Фото: www.inform.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты