Қызылордада жоғалған екі бала табылды, олар кезбелікке салынып кеткен

today.kz
Қазіргі таңда жасөспірімдердің жағдайы "жақсы" деп бағалануда, дін-аман ата-анасына тапсырылды.

Осы жылдың желтоқсан айының 11-і күні Қызылорда қаласының Ішкі істер басқармасына 13 жастағы 2 жасөспірім 10 желтоқсан күні үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалғандығы жайлы хабарлама келіп түсті, деп жазады Today.kz Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған хабарлама бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп, жасөспірімдердің тұрпаттық бейнесі жасалып, сыныптастарынан жауаптар алынды. Үйден кетіп қалуына себеп боларлық жайттар жан-жақты қаралып, баруы мүмкін орындар, ойын-сауық орталықтары, көлік жуу бекеттері, кафе-барлар тексерілді.

Полиция қызметкерлерінің жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған жасөспірімдер 13-і желтоқсан күні сағат 13.45 шамасында Сабалақ саяжайы аумағынан кезбелікке салынып жүрген жерінен табылды.

Қазіргі таңда жасөспірімдердің жағдайы "жақсы" деп бағалануда, дін-аман ата-анасына тапсырылды.

Осыған орай, полиция қызметкерлері балаларға деген бақылауды және жауапкершілікті күшейтіп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шараларды арттыру қажеттігін қатаң ескертеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды