Туберкулездің қауіпті түрін жұқтырған қостанайлық емделуден қашып жүр

stan.kz
Ол қасында жүргендерге қауіп төндіруі мүмкін.

Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансердің қызметкері 38 жастағы қала тұрғынына мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдану туралы сотқа өтініш түсірді. Бұл туралы stan.kz, Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Диспансер дәрігерлері ер адамға «Өкпенің инфильтративті туберкулезі ыдырау фазасы» деген диагноз қойған.

Алайда, ол осы жылдың қыркүйек айынан бастап емдеуден бас тартқан. Ол қасында жүргендерге қауіп төндіруі мүмкін.

«Азамат Р. мәжбүрлеп емдеуді қажет етеді. Ол өз еркімен емделуден қашып, үйінде тұрмай, бой тасалап жүр. Аталған жәйтті қарау нәтижелері бойынша сот Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансер қызметкерінің өтінішін қанағаттандырды», – деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен азамат Р. Рудный қалалық туберкулезге қарсы диспансерге мәжбүрлі түрде емделуге жіберілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты