Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам мерт болды

ҚазАқпарат
Ақтөбеде Өзбекстан азаматтары мінген автобус өртенді.

Самара-Шымкент тасжолында автобус өртеніп, 52 адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбеде Өзбекстан азаматтары мінген автобус өртенді.

«Алдын ала мәлімет бойынша, бүгін Астана уақытымен сағат 10:30-да Ырғыз ауданының Қалыбай ауылына жақын маңда автобустан өрт шықты. «Икарус» маркалы автобус ішінен шыққан өрт салдарынан 52 жолаушы көз жұмды. 5 жолаушы өрттен шығып үлгерген. Олардың барлығы Өзбекстан азаматы. Оқиға орнына өрт сөндіруге арналған 2 техника мен 8 адам жіберілді. Бұл жер облыс орталығынан 320 шақырым қашықтықта орналасқан», - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық ТДЖ мен облыс әкімінің орынбасары жедел штаб құрды. Жедел желі іске қосылды. Оқиға орнында полиция, құтқарушылар мен психологтар, дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты