Қарағанды облысында тепловоз радиаторларын ұрлағандар ұсталды

www.inform.kz
Тергеу жүріп жатыр.

Көлік полицейлері құны 1 млн теңгеден асатын тепловоз радиаторларын ұрлады деген күдікпен бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды-Сортировочная стансасында Балқаш стансасының Локомотив пайдалану депосына тиесілі 14 тепловоз радиаторын ұрлады деген күдікпен Қарағанды облысының 1975,1979,1989 және 1990 жылы туған төрт тұрғынын ұстады.

Көлік полицейлері тексерістер кезінде ұрланған радиаторларды күдіктілердің автомашинасынан тапқан.

Келтірілген залал 1 000 000 теңгеден асып жығылады. Ұсталғандар айыбын мойындаған. Заттай айғақтар алынды.

Осы факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігімен («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық») тіркелді. Тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады