Облыс әкімдігінің алдында тапа тал түсте ұрлық жасамақ болған павлодарлық ұсталды

Рavlodarnews.kz
Қылмыскерді күндізгі уақытта полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде қолға түсірген.

Павлодарда облыс әкімдігіне қарама-қарсы жағалауда орналасқан бас шыршаның қасындағы субұрқақтың астына төселген тор темірлерін ұрламақ болған азамат ұсталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл жөнінде Павлодар қаласы ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары, полиция майоры Арман Ашренов айтты. - ЖПҚ әрдайым мемлекет мүліктерін ұрлау бойынша алдын алу шараларын өткізіп тұрады, - дейді Арман Ашренов. – 25-қаңтар күні жол полициясы батальоны қызметкерлерімен 1973 жылы туған азамат субұрқақтың тор темірлерін ұрламақ болғаны үшін ұсталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қылмыскерді күндізгі уақытта полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде қолға түсірген.

Полиция майоры Арман Ашреновтың айтуынша, темір торларды ұрламақ болған азамат бұрын сотталмаған. Осы күнде қолхат арқылы босатылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Шымкенттің "Ордабасы" клубы Чемпиондар лигасына жолдама алды