Қазақстандағы екі жоғары оқу орнының ректоры тағайындалды

ҚазАқпарат
ШҚМУ ректоры қызметіне Төлеген Мұхтар Әділбекұлы және СҚМУ ректоры болып Өмірбаев Серік Мәуленұлы тағайындалды.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (ШҚМУ) мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (СҚМУ) ректоры қызметіне үміткерлерді анықтау бойынша республикалық конкурстық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің төрағалығымен құрамына танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері кіретін комиссия ректор қызметіне үміткерлермен әңгімелесу өткізді. Конкурсқа өтініш білдірген 10 үмкіткердің ішінен республикалық конкурстық комиссияға 5 үміткер ұсынылды», - делінген хабарламада.

Әңгімелесудің нәтижесі бойынша, ШҚМУ ректоры қызметіне Төлеген Мұхтар Әділбекұлы және СҚМУ ректоры болып Өмірбаев Серік Мәуленұлы тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты