Атырау облысында салафиттер "салық" жинаумен айналысқан 

sputniknews.kz
Салафиттер әр көлік жүргізушісінен ай сайын 5-25 мың теңге аралығында алым-салық алып отырған.

Атырау облысында ақша бопсалап алумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлады sputniknews.kz, ҰҚК баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

"Осы жылдың 31 қаңтарында ҚР ҰҚК Атырау облысындағы департаменті жүргізген шаралардың нәтижесінде Атырау қаласында 2 жыл бойы Атырау-Астрахань, Атырау-Орал, Атырау-Бейнеу қалааралық және халықаралық бағыттарында жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын тұлғалардың ақшасын қорқытып алумен тұрақты түрде айналысқан адамдар тобы құрықталды. Аталған бағыттарда 200-ге жуық автокөлік жүріп-тұрған. Ай сайын әр көлік жүргізушісінен алым-салықтың көлемі 5 мыңнан 25 мың теңгеге дейін құраған", — деп жазылған хабарламада.

Ұсталған тұлғалар деструктивті бағыттағы дәстүрлі емес салафиттік ағымды ұстанғандары белгілі болды.

"ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 2 және 3 тармақтарына сәйкес, аталған қылмыс сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне да тіркелді. Топтың алты белсенді мүшесіне күзетпен қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды", — деп түйіндеді ҰҚК баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Маңғыстауда түзеу мекемесіне тыйым салынған затты жасырын өткізу әрекеті әшкереленді

Ресейліктердің өсіп-өркендеу жолына түскен Қазақстанға деген құрметі ерекше – Путин

Жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы: Жамбыл облысында ірі зауыт іске қосылды